«Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім)»пәндік олимпиадасы

Орталық Азия инновациялық университеті 13 қараша 2025 жылы Құқық кафедрасының ұйымдастыруымен 6В04201-«Құқық», 6В04203-«Құқықтану», 6В04204-«Цифрлық заңгер» білім беру бағдарламаларының 2-курс білім алушылары арасында «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиада барысында қатысушыларға қылмыстық құқықтың теориялық негіздеріне қатысты блиц сұрақтар, ситуациялық жағдайларды шешу, тест, сондай-ақ «Киберқылмыс және интернет алаяқтыққа менің көзқарасым» тақырыбында қазіргі цифрлық қоғамдағы киберқылмыс пен интернет алаяқтықтың мәнін ашу, олардың қоғамға, азаматтардың қауіпсіздігіне және ақпараттық кеңістікке тигізетін ықпалын талдау, сонымен қатар киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын, алаяқтықтан қорғану тәсілдерін және жеке жауапкершіліктің маңызын көрсету эссе жазылды. Мұндай формат білім алушылардың құқықтық нормаларды терең меңгеруін, аналитикалық ойлау қабілетін және құқықты қолдану дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді. Олимпиада нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, I дәрежелі, II дәрежелі, III дәрежелі дипломдармен және «Үздік талдау», «Құқықтық дәлдік», «Үздік эссе», «Жүйелі ойлау» номинациялармен марапатталды.

Share this Post