«Бизнес және туризм» кафедрасымен өткізілген «Бухгалтерлер апталығы» ұйымдастырылды.
10-12 қараша 2025 ж. аралығында «Бизнес және туризм» кафедрасымен өткізілген «Бухгалтерлер апталығы» ұйымдастырылды. Іс-шараға университет пен факультет басшылығы, оқытушылар, студенттер мен Шымкент қаласының кәсіпорын бухгалтерлері шақырылды.
10 қараша 2025 жылы «Қазақстандағы бухгалтерлік есеп» тақырыбында аға оқытушылар Башпанов Ө.Р., Жаздыкбаева Д.П. өткізген ашық дискуссиялық алаң барысында бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайы мен даму келешегі талқыланды.
11 қараша 2025 жылы «Заманауи бухгалтер: Бухгалтерлік есепті цифрландыру және автоматтандыру» тақырыбында «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Tassay» ЖШС, «Ақ жол сервис центр» ЖШС, «VANLAG» ЖШС бухгалтерлерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
«Есеп» және аудит» білім алушыларымен «ОАИУ үздік бухгалтері» интеллектуалдық турнир сайысы өткізілді. Студенттер командада жұмыс істеу, тиянақты шешімдерді қабылдау, бастамашылықты таныту, лидер болу, творчестволық қабілеттіліктерін ашу дағдыларына ие болды, таланттар да анықталды.
12 қараша 2025 жылы Шымкент қаласының «Бухгалтерлер ассоциациясы» БКҰ ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында бухгалтерлерді сертификаттау жүйесі» тақырыбында Асанбекова С.Н. қонақ дәріс өткізді.
Әділ қазылар алқасының шешімімен бухгалтерлер апталығының жеңімпаздары диплом мен сертификаттармен марапатталды:
І — орын УАр-24-2 тобының студенттері «Auditus» командасы
ІІ — орын УАк-25-1 тобының «EQ» командасы
ІІІ -орын УАк-25-1 тобының «Лука» командасы.
«Бухгалтерлер апталығы» жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жоспарланған іс-шаралар толық көлемде жүзеге асырылды. Апталық өз мақсатына жетіп, қатысушыларға мол тәжірибе мен кәсіби серпін сыйлады.
