«ҚР ұлттық валютасы – теңгенің даму тарихы мен ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін Орталық Азия Инновациялық университетінде Қазақстанның қаржыгерлер мен бухгалтерлер күніне арналған «ҚР ұлттық валютасы – теңгенің даму тарихы мен ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға арнайы қонақтар шақырылды: «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» директоры қызметін атқарған, зейнеткер Менлибеков Айдарбек Омарбекұлы, «Темірбанк» АҚ-ның бас есепшісі қызметін атқарған Чекаева Дүйсенкүл, сондай-ақ «Abdesh Plast» ЖШС-нің бас есепшісі Тенгебаева Гүлшат Теміралиқызы.

Кездесу барысында білім алушы-жас зерттеушілер өз баяндамаларын ұсынды:

  • УАк 22-1һ тобының студенті Батырхан А.Б. – «Қазақстандағы инфляция және онымен күресудегі өзекті мәселелер»;
  • УАк 24-1һ тобының студенті Омар Б.Ш. – «Алақанмен төлеу жүйесінің Қазақстан экономикасына ықпалы»;
  • ФНк 22-1һ тобының студенті Шалқарова А.Ж. – «Адал еңбек – өмірдің құндылығы».

Студенттердің баяндамалары өзектілігімен ерекшеленіп, тыңдаушылардың қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, шақырылған қонақтар да өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ бухгалтерлер мен қаржыгерлердің кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған құнды кеңестер берді.

Share this Post