«Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық байқауының жеңімпазы
Жастар саясатын дамытуға және шығармашылық ізденістерге қосқан үлесі үшін Орталық Азия Инновациялық университетінің «Техника және ақпараттық технологиялар» кафедрасының 4-курс білім алушысы Жақсылық Бекарыс «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.
Білім алушының ғылыми және шығармашылық бағыттағы жетістіктеріне жетекшілік еткен — аға оқытушы Шынжігіт Бекмұрат Бекболатұлы.
Аталған байқау Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы «Bilim-orkenieti» мен Республикалық инновациялық орталық «Жаңа Қазақстан» бірлесіп ұйымдастырған.
