«Тілдер және әдебиет» кафедрасы халықаралық ғылыми семинар ұйымдастырды


2025 жылдың 26 қыркүйегінде Орталық Азия инновациялық университетінің Тілдер және әдебиет кафедрасының ұйымдастыруымен  ғылым мен білім саласындағы  халықаралық ынтымақтастық шеңберінде оқытушылар мен докторанттарға арналған «Білім беру сапасын арттырудың өзекті мәселелері» атты халықаралық семинар өткізілді. Семинарда педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының президенті Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы (Алматы қаласы) «Басты мақсат – сапалы білім»,   сондай-ақ, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Анкара қаласындағы (Түркия мемлекеті) Гази  университеті ректорының кеңесшісі Южель Гелишли  «Перспективы и тренды развития современного образования» тақырыбында баяндама жасады. Жарыссөз барысында заманауи білім беру саласындағы өзекті мәселелер, түрлі жас санатындағы  білім алушылармен жеке жұмыс жүргізу, жоғары оқу орындарындағы бүкіл оқу үдерісі мәселелері қамтылды.

Share this Post