ПРОФЕССОР ЫСҚАҚ БЕГМАННЫҢ ӘДЕБИ КЕШІ
Орталық Азия Инновациялық университеті «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен, «Педагогика» кафедрасының профессоры Ысқақ Бегман ағайымыздың 85 жас мерей тойына арналған «Ғылымға сіңірген ерен еңбегі:Ұлағатты ғұмырға 85 жыл» атты ғылыми семинар өтті.
Семинарды университетіміздің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Дүйсенов Нұрзақ Жезтайұлы ашып беріп, құтықтау сөзін жеткізді.
Кеш қонағы ағайымыздың досы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің ф.ғ.к., Қожақметов Бектай Қалиұлы ағайға тілектерін арнап, әдемі өлең жолдарын жолдады.
«Педагогика және тілдер» факультетінің деканы Сыдыкова Зухра Ештаевна құтықтау сөз сөйлеп, кафедраның аға оқытушылары ағайға арнау арнап, Дарибаева Мадина Доскуловна «Туылған күніңмен» әнін шырқап кешті аяқтады. Кеш өте жоғары деңгейдет өтті.


