Цифрлық қаржы айналымы – білім беру және экономикалық өркендеу векторлары» атты апталық
«Экономика және басқару» кафедрасының ұйымдастырумен «Цифрлық қаржы айналымы – білім беру және экономикалық өркендеу векторлары» атты білім апталығының аясында 18 қараша 2026ж. 6В11102 –«Туризм» және 6В11104 –«Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» БББ-ның білім алушылары «By Park Hotel» қонақүйіне экскурсия ұйымдастырылды, 6В04107-«Қаржы» БББ-ның білім алушылары «Фридом Банк Қазақстан» АҚ филиалының қызметкерлерімен кездесу, банк қызметтерін жүргізумен танысу іс-шарасы өтті.
19 қараша 2026ж. 6В04105-«Экономика», 6В04132-«Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6В04107-«Қаржы», 6В04106–«Есеп және аудит» БББ-ның білім алушыларының «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Шымкент қаласының Статистика департаменті» қызметкерлерімен «Қазақстандағы еңбек нарығы: статистикалық деректер не дейді?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
