«ҚҰНДЫЛЫҚТАР АЯСЫНДА» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Орталық Азия Инновациялық университетінің студенттер жатақханасында жастарға арналған «Құндылықтар аясында» атты тәрбиелік семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында адамгершілік, сыйластық, жауапкершілік, адалдық және ұлттық құндылықтардың жастар өміріндегі маңызы талқыланды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, рухани-адамгершілік тәрбиеге қатысты маңызды мәселелерді қозғады.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарға құрметін арттыру және қоғам алдындағы жауапкершілігін нығайту.

Тағылымды кездесу студенттердің рухани дамуына, дүниетанымын кеңейтуге және ортақ құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Share this Post