6В01420 “Музыкалық білім беру” білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін академиялық ұтқырлық

Орталық Азия Инновациялық университетінің профессор-оқытушылар құрамының ұтқырлығы білімді байыту, бірлескен оқу бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мақсатында өткізілетін университеттің халықаралық және білім беру қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

2023-2024 оқу жылына 13.11.2023 – 24.11.2023 ж. ж. аралығында ішкі академиялық ұтқырлық шеңберінде өзара алмасу бойынша М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетімен ынтымақтастық туралы шарт жасалды.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 6В01420 “Музыкалық білім»  білім беру бағдарламасының I курс білім алушылары үшін Орталық Азия Инновациялық университетінің “Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн” кафедрасының аға оқытушысы Сауле Әжібекқызы Пернакулованың жетекшілігімен “Музыка теориясы және сольфеджио” пәні бойынша сабақтар өтті.

Пән аясында білім алушылар “Доминантсептаккорд және оның айналымдары” тақырыбын қарастырды. Доминантсептаккордтың заңдылықтары, доминантты функциялары және оның ерекшеліктері зерттелді. Доминантсептаккорд айналымдарының барлық үш түрі,  айналымдарының  формулалары және олардың шешілімі  қаралды.


М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 6В01420 “Музыкалық білім” білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушылары үшін Орталық Азия Инновациялық университетінің “Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн” кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Утешева Алия Жалеловнаның жетекшілігімен “Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі”(Хорды дирижерлау) пәні бойынша Сайпен Нұрсұлу, Аширбай Аружан  білім алушыларымен жеке сабақтар өтті.

Пән шеңберінде білім алушылар дирижердің музыкалық шығармалардың идеялық – көркемдік құндылығын, олардың дирижерлік процесінде текстуралық – стилистикалық ерекшеліктерін өз бетінше жеткізе білуін қамтамасыз ететін дағдылар кешенін қалыптастыру заңдылықтарын зерделеді.


М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 6В01420 “Музыкалық білім” білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушылары үшін Орталық Азия Инновациялық университетінің “Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн” кафедрасының аға оқытушысы Мейірбекова Роза Бекматқызының жетекшілігімен “Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі” (Хорды дирижерлау) пәні бойынша Нұржігіт Асылжан және Өмірқұл Шапағат білім алушыларымен жеке сабақтар өтті.

Пән аясында білім алушылар музыкалық шығармаларды, олардың көркемдік жүйесін, формаларын, стилистикалық ерекшеліктерін зерттеп, түсінді. Өз сезіміне, қабылдауына сәйкес музыкалық шығармаларды орындауға қызығушылық танытты. Концерттік орындауды жүзеге асыру үшін орындаушылық мақсаттар нақты айқындады.

Share this Post