«Шәкәрім өсиеті-адалдық айнасы» атты танымдық әдеби кеш өтті

«Тілдер және әдебиет» кафедрасының магистр, аға оқытушы С.Р.Алайдарова ұйымдастыруымен “Тілдер„ апталығы аясында 7.12.23ж. сағат 15:00,№212 дәрісханада Ш.Құдайбердіұлының 165-жылдығына орай «Шәкәрім өсиеті-адалдық айнасы» атты танымдық әдеби кеш өтті.

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін , дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінге мән беру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.

Әдеби кешті филология ғылымдарының кандидаты  Жакипбеков Біржан Ануарбекұлы ашты. Шәкәрім өмірінен бейнеролик көрсетілді. Білім алушылар Шәкәрім өлеңдерін жатқа айтып, «Дубровский әңгімесі» және «Боран»аударма жұмысының үзінділерін мәнерлеп оқыды.

Кеште көрермендер арасында сұрақ жауап болып,Шәкәрім өмірінен қойылған сұрақтарға білім алушылар жарыса жауап берді.

Кеште ақынның «Анадан алғаш туғанда», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты әндері шырқалды.

Қазақ әдебиетінде ерекше орын алатын ақынның танымал «Еңлік- Кебек» поэмасынан сахналық көрініс кештің сәнін кіргізіп, тәрбиелік мәнін аша білді. Білім алушылардың рольдерді жоғары дәрежеде ойнауы, актерлік шеберлігі көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Кеш соңында Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхана директоры, Жаппарқұлова А.А,

Ташенов университеті, «Филология» факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент, Мамыт А.А. және Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінің ф.ғ.к., аға оқытушысы Омаров Т.Қ. жастарға өсиетке толы, ғибратты сөздермен Шәкәрім туралы тың деректермен бөлісті. “Тілдер„ апталықтың қорытындылау үшін ф.ғ.к.,аға оқытушы Тоқтағұл Б.С. және кафедра меңгерушісі магистр,аға оқытушы Даулеталиева Д.М. сөз алып,апталық барысында қазақ,орыс,ағылшын тілінде өткізілген олимпиада жеңімпаздарын жүлделі орындармен және дөңгелек үстел,ашық сабақтарға,әдеби кешке,апта бойына ұйымдастырылған  іс шараларға белсене қатысқан барша білім алушыларды университет ректорының алғыс хатымен марапаттады.

Share this Post