Гравюралар көрмесі

Шығармашылық факультеті, «Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасына қарасты 6В02103-«Дизайн» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, ҚР Мәдениет қайраткері Баймен Батуханның  қаламыздағы Өнер мұражайына қарасты КӨРКЕМСУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫНДА 10 қараша мен 10-шы желтоқсан аралығында «Гравюралар» тақырыбында жеке көрмесі өткізіліп жатыр.

Осыған орай, бүгін 29.11.2023ж. ДЗОк 21-1h, ДЗ-01, ДЗ-02 тобының білім алушылары аға оқытушысы К.Е.Жузеевамен және магистр-оқытушы Д.А.Юнусовамен көрмені тамашалауға барды.

Мұндағы мақсаты кафедрамыздың өнер шеберінің еңбектері мен өмір жолы және шығармашылығын білім алушыларға таныту, бейнелеу өнеріне, мамандыққа деген ынтасын көтеру, өнер өкілдерінің өздеріне деген қолжетімділігі мен жақындығын арттыру жәнеде университет көлеміндегі білім алушыларға бейнелеу өнерін насихаттау болатын.

Share this Post