Университет ректоры “Түркияның бес жұлдызды люкс қонақ үйлеріндегі тәжірибе” бағдарламасы аясында Анталья қаласы Түркияға барды.

Түркияның бес жұлдызды люкс қонақ үйлерінде тәжірибе  алмасуға мүмкіндік бар.

2023 жылғы 8-13 қазан аралығында университет ректоры А. С. Ажидинов “Caspian Centr (Каспий орталығы)” ЖШС құрылтайшысының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары мен колледждері (Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Талдықорған) басшыларының делегациясы құрамында “Түркияның бес жұлдызды люкс қонақ үйлеріндегі тәжірибе”бағдарламасы аясында Түркияның   Анталья қаласына іс сапармен барды.

Сапардың мақсаты: студенттер мен түлектердің өндірістік практикасының шарттарымен, атап айтқанда: жұмыс орнымен, тұрғылықты жерімен, тамақпен, қауіпсіздікпен, гигиена мен және көлікпен танысу.

Сапар барысында делегация мүшелері Anex компаниясының Анталья қаласындағы бас кеңсесіне барып, компания басшылығымен кездесті. Делегация мүшелері “Kremlin Palas”, “Selektum Lukshery”, “Papilon”, “Max Roal”, “Selektum Family Resor”, “Trendi”бес жұлдызды қонақ үйлеріндегі студенттердің жұмыс және тұрмыс жағдайларымен танысты.

Share this Post