«Тілдер және әдебиет» кафедрасы ғылыми семинар өткізді

Қараша айының 1-ші жұлдызында, “Тілдер және әдебиет” кафедрасының ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, Досжан Райхангүл Абдуғалиқызы, “Топонимдердің ареалын анықтаудағы түркілердің терең этникалық түптамырының рөлі” тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Ғылыми семинардың мақсаты: Ұлтымыздың, тіліміздің, жеріміздің шығу тарихын, түп тамырын тереңінен зерттеу және оны болашақ жастарға нақты дәлелдермен жеткізу. Жастардың тарихымызға деген қызығушылығын, партриоттық сезімдерін ояту.

Ғылыми семинарда:
– Еуразия Ұлттық университетінен, филология ғылымдарының докторы, профессор Бекжан Әбдуәлиұлы ZOOM платформасы арқылы тақырып аясында онлайн баяндама оқыды.
– Тешенов университетінен, филология ғылымдарының кандидаттары, аға оқытушылар, А.А.Аккозов және Б.Е.Қалыбеков пікір қалдырып, жарыссөзде өз ойларымен бөлісті.
– Университетіміздің ғылым проректоры Жаркинбеков М.А. белсене атсалысып, тарихымыздың тереңдігін, қазіргі ғылым салысында бұл тақырыптың бүкіләлемге қызықты екенін қатысушы білім алушыларға түсіндірді.
– филология ғылымдарының докторы, Досжан Райхангүл Абдуғалиқызы тақырыпты тереңінен түсіндіру мақсатында көркем презентациямен ғылыми баяндама оқыды.
– “Педагогика және Тілдер” факультеті, “Тілдер және әдебиет” кафедрасының оқытушылары және 2-3 курс білім алушылары тақырып аясында сөз қозғап, сұрақ қойып және қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды.

Share this Post