Түркістан облысының Сарыағаш ауданында тарих , география бойынша өткізілген дәстүрлі пән олимпиада есебі

Орталық Азия Инновациялық университеті, «Жаратылыстану-ғылыми» факультеті «Қазақстан тарихы және жаратылыстану ғылыми  пәндер» кафедрасы тарих, география бойынша өткізілген дәстүрлі Олимпиадасына Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы бойынша тарих және география пәнін таңдаған  84 мектеп бітіруші оқушылары қатысты.

І-кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған 10 оқушы іріктелініп алынды.

ІІ-кезеңде   «Жаңа Қазақстан» тақырында эссе жазды. Талап бойынша, жазылған эссенің мазмұны мен мәніне, тіл байлығы мен ойының ұшқырлығына баса көңіл аударылып, оқушылар жүлделі орынға ие болды.


МАРАПАТТАУ:

Олимпиадаға қатысушылар  ішінен , категория бойынша жеңімпаздары анықталды. Төмендегі ұпай санына байланысты , жүлделі орынға ие болғандар. Атап атқанда:

І – дәрежелі Грант сертификат иеленеді, қатысушы: Түркістан облысы, Сарыағаш  ауданы, Дарбаза ауылы № 70 С.Байғозиев атындағы жалпы орта мектебінің, 11 «А»  сынып оқушысы Жаңбыр Ақнұр Алиакбарқызы 100 балл жинап,  Олимпиада жеңімпазы атанып және сонымен қатар тиісті 75 балдан жоғары жинаған жағдайда,  Орталық Азия Инновациялық университетінің сертификатына және тегін оқу құқығына ие болды.

ІІ – орын иеленгені үшін «Алғыс хатын», қатысушы: Түркістан облысы, Сарыағаш  қаласы № 71 жалпы орта мектебінің 11 «Ә» сынып оқушысы Избасар Ғайнижан Урбаналықызы,  95 балл  жинап, Олимпиада жеңімпазы атанды.

ІІІ-  орын иеленгені үшін  «Алғыс хатын»  иеленеді қатысушы:  Түркістан облысы, Сарыағаш  қаласы, № 66 Толыбай батыр атындағы жалпы орта мектебінің 11 «А»  сынып оқушысы Баратова Аяжан  Ермекқызы  90 балл  жинап , Олимпиада жеңімпазы атанды.

   Оқушыны өзінің білім беру мекемесінде қатыстырған мұғалімдерге алғыс хат берілді.

Share this Post