ОАИУ білім алушылары арасында волейбол, футбол және үстел теннисі ойындарынан университет біріншілігі өтті

1-мамыр – Қазақстан халықтарынының бірлігі күніне орай «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедрасының ұйымдастыруымен «Спорт бізді біріктіреді» атты Орталық Азия инновациялық университетінің білім алушылары арасында волейбол, футбол және үстел теннисі ойындарынан университет біріншілігі өткізілді.

Көңілді тартыста футбол спорт түрінен 19 команда, волейболдан 8 команда, үстел теннисінен 16 білім алушы қатысты. Аталған жарыста футбол спорт түрінен жүлделі орындарды ЭГ-01 тобының білім алушыларынан құралған «TUMAR» командасы 1-орынды, ФКСк 21-7һ тобының білім алушыларынан құралған «Ұшқын» командасы 2-орынды, ФКСк 22-5һ тобының білім алушыларынан құралған «Сұңқар» командасы 3-орынды иеленді және Раманкул Мағжан, Әбдуахап Нұртілеу, Талап Әлібек сынды білім алушылар үздік ойыншы номинацияларымен марапатталды.

Волейбол спорт түрінен 1-орынды «Еска» командасы, 2-орынды ФКСк 21-2һ тобының «Түркістан» командасы және 3-орынды ФКСк 22-4һ тобының «Атом» командасы иеленді. Үздік плеймейкер нноминацияларымен Есболсынов Дамир, Тәжібай Зейнеп, Әбдуахап Нұртілеу, Темірхан Дәрусейтхан және Әбдіраш Арайлым марапатталды.

Үстел теннисі бойынша 1-орынды ФКСк 22-3һ тобының білім алушысы Шаманов Самандар, 2-орынды ФКСк 21-7һ тобынан Ермахан Еркебұлан, 3-орынды ФКСк 21-7һ тобынан Зейілбек Қазыбек иеленіп, көрермен көзайымы номинациясымен ФКСк 22-1һ тобының білім алушысы Лес Бибінұр марапатталды.

Share this Post