«УНИВЕРСИТЕТ АРУЫ – 2023» БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Орталық Азия Инновациялық университеті өзінің жылдағы үрдісі бойынша 2023 жылдың АРУЫН таңдады. Дәстүр бойынша «УНИВЕРСИТЕТ АРУЫ – 2022» бас жүлдегері БАТЫРБЕК ТОҒЖАН «УНИВЕРСИТЕТ АРУЫ – 2023» атанған ҰЛТАНҚҰЛ БАЛЖАНҒА тәжін кигізді. Байқаудың төрт кезеңінен сүрінбей өткен басқа да арулар жүлделі орындарды иеленіп, қаржылай қолдауға ие болды. ЖҮЛДЕЛІ 1 – орынды ТУРДИЕВА ДИЛЬНАЗ иеленсе, 2- орын БИБАСАРҚЫЗЫ АРУЖАНҒА ал, 3 – орын САТЫБАЛДЫ ГУЛБАРШЫНҒА бұйырды. Бұдан бөлек «КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ», «ҚЫЛЫҚТЫ АРУ» және де «БІЛІМДІ АРУ» номинациялары бойынша марапаттар табысталды. Айта кетейік байқауымыз басталғалы бірнеше жылдар бойы әділ өтуін қамтамасыз етіп жүрген қазылар алқасының бас төрағасы Шымкент қаласы мәденит, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Әдет-ғұрып және салт – дәстүр орталығы» МКҚК-нің директоры Спанов Бахтияр Абилович бастаған алқа мүшелері төрелік көрсетті. Байқауға қатысушы аруларымызға ОАИУ-нің бірінші проректоры Акмалдин Сапардинұлы сәттілік тіледі. Басты ұйымдастырушы – университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Н. Хайдаров пен Жастар ұйымының төрағасы Ш.Есімхан.

Share this Post