Экономикалық олимпиада өз мәресіне жетті!

2023 жылдың 4-ші наурызында Орталық Азия Инновациялық университетінде «Экономика және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстанның білікті тіректері» атты экономикалық олимпиада өтті.
Олимпиадаға 6В041 – «Бизнес және басқару» бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының білім алушыларынан құралған «Самғау», «Бірлік», «Миллион» және «Жалын» командалары қатысты. Төрт сайыс кезеңінен сүрінбей өткен командалар, олимпиада аясында өздерінің бизнес-жобаларын әділқазылар алқасының алдында қорғады.
Нәтижесінде бірінші орын «Миллион» командасына бұйырса, олимпиада барысында белсенді қатысып, өзінің білімділігін көрсеткен командалар мен белсенді білім алушылар университет тарапынан марапаттауларға ие болды.

Share this Post