Deprecated: Required parameter $overwrite_key follows optional parameter $params in /var/www/vhosts/hgtu.com.kz/caiu.kz/wp-content/themes/agama-pro/framework/class-agama-woocommerce.php on line 311
Deprecated: Required parameter $overwrite_value follows optional parameter $params in /var/www/vhosts/hgtu.com.kz/caiu.kz/wp-content/themes/agama-pro/framework/class-agama-woocommerce.php on line 311 6В04203- «Құқықтану», 6В04201-Құқық ББ білім алушылар арасында пәнаралық олимпиада өткізілді – Центрально-Азиатский Инновационный университет
2023 жылдың 02-03 наурыз күндер аралығында Орталық Азия Инновациялық университетінің «Құқық» кафедрасының ұйымдастырумен 6В04203- «Құқықтану», 6В04201-Құқық білім беру бағдарламаларының білім алушылар арасында пәнаралық олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: – білім алушылардың оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру; – білім алушылардың кәсіби және тұлғалық мүмкіндіктерін, олардың өзіндік санасын, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі таныту және өзін-өзі растау үшін жағдай жасау; – білім алушылардың азаматтық ұстанымын тәрбиелеу. Олимпиада 3 турға бөлінді. Бірінші тур- тест, екінші тур- ситуациялық есептер, үшінші тур- «Өз мамандығыммен мақтанам» тақырыбында эссе. Олимпиаданың барлық қатысушыларына белсенділігі үшін сертификат берілді. Олимпиада жеңімпаздары I дәрежелі дипломмен 6В04203- Құқықтану білім беру бағдарламасының 1- курс білім алушысы Сакен Андрэ марапатталды. II дәрежелі дипломмен 6В04203- Құқықтану білім беру бағдарламасының 1- курс білім алушысы Нұрлыбекұлы Жандос және 6В04201- Құқық білім беру бағдарламасының 2- курс білім алушысы Асқарбай Күмісай марапатталды. III дәрежелі дипломмен 6В04203- Құқықтану білім беру бағдарламасының 1- курс білім алушысы Жайлаубаев Жумарт және 6В04201- Құқық білім беру бағдарламасының 2- курс білім алушысы Арыстанова Асемай марапатталды.