Тележүргізуші Ақылбек Сансызбайұлымен кездесу

Біздің университетте танымал тұлғалармен кездесулер жиі ұйымдастырылады, студенттер оларды көру мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысады және олардың мақсаттарына қалай жеткені туралы әңгімелерін қызығы тыңдайды.
Дәл осы кездесулер студенттерді оқуға және олардың алға қойған мақсаттарына жетуге ынталандырады. Сондай кездесулердің бірі 14 сәуірде өтті.
Ақылбек Сансызбайұлы өте қызықты сұхбаттас ретінде, оңтүстік өңірінің тарихында орасан із қалдырған өңіріміздің белгілі тұлғалары жөнінде әңгімеледі.
Ақылбек Сансызбайұлы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев пен қазақ композиторы, Қазақстанның халық әртісі, «Қазақ вальсінің королі» Шәмші Қалдаяқов туралы қызықты әңгімелер баяндап берді. Студенттер олардың өмірі мен еңбектері жөнінде көптеген мәліметтер мен танысты.
Кездесу концерттік бағдарламамен аяқталды.








Share this Post