Бухгалтерлік есеп бойынша халықаралық ЖОО-аралық олимпиада

Орталық-Азия инновациялық университеті «Бухгалтерлер ассоциациясы» бухгалтерлердің кәсіби ұйымымен бірлесе отырып 2022 жылдың 13 сәуірінде бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер арасында Халықаралық ЖОО-аралық олимпиада өткізді.

Олимпиада офлайн (Шымкент қ. ЖОО арасында) және онлайн форматта өтті. Олимпиада тапсырмасы «Бухгалтерлік есеп негіздері», «Қаржылық есеп», «Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары» пәндерінің негізгі тақырыптарын қамтитын 30 тест сұрағы (60 балл)  және екі есептен (сәйкесінше 15  және 25 балл) құрастырылды. Тапсырмалардың жауаптарымен бірге қатысушы-командалары олимпиада ұйымдастырушылардың email-на, дәлел ретінде, тапсырмаларды шешу кезіндегі талқылаудың видеожазбасын  (онлайн-сервистер Zoom, Webex) жіберді.

Олимпиадаға Казақстанның (Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті (Алматы қ.), Орталық-Азия инновациялық университеті (Шымкент қ.),  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті (Орал қ.), Қарағанды индустриалдық университеті (Теміртау қ.), Еуразиялық технологиялық университеті (г.Алматы), «Мирас» университеті (г.Шымкент), Шымкент университеті (Шымкент қ.), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ.)), Кыргызстанның («Қырғызстанның Халықаралық университеті» (Бішкек қ.), Жалал-Абад мемлекеттік университеті (Жалал-Абад қ.), Ресейдің (Ресей халықтар достығы университеті (Мәскеу қ.), Г.Р.Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университеті (Тамбов қ.))  14 жетекші жоғары оқу орындарынан 17 команда қатысты.

Олимпиаданың жеңімпаздарын анықтау сырттан шақырылған қазылар алқасына жүктелді.  Қазылар алқасының мүшелері: «Бухгалтерлер ассоциациясы» бухгалтерлердің кәсіби ұйымының директоры Асанбекова С.Н. (төрайымы), «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер Палатасының бас сарапшысы Абдіқадірова А.М.,  «KNN Group» ЖШС-нің бас есепшісі Батырбеков К.П.

      Олимпиада қазылар алқасының шешіміне сәйкес келесі жеңімпаздар анықталды:

  • бірінші орын ‒ Орталық-Азия инновациялық университеті және Ресей халықтар достығы университетінің командалары;
  • екінші орын – Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті және Шымкент университетінің командалары;
  • үшінші орын ‒ Еуразиялық технологиялық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қарағанды индустриалдық университетінің командалары.

Олимпиаданың жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды, барлық студенттер-қатысушыларға сертификаттар жіберілді.

Бухгалтерлік есеп бойынша халықаралық ЖОО-аралық олимпиаданың жеңімпаздарын құттықтаймыз!  Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, оқуда, ғылымда жоғары жетістіктер тілейміз!






https://youtu.be/R20sQD6Hf0Ahttps://youtu.be/RZPfsXORcVEhttps://studio.youtube.com/channel/UC79aQMVSlxLtB8IDmtMR18g/videos/upload?d=ud&filter=%5B%5D&sort=%7B%22columnType%22%3A%22date%22%2C%22sortOrder%22%3A%22DESCENDING%22%7D

Share this Post