Студентіміз халықаралық Admit Hackathon байқауында «Best Pitch» номинациясын жеңіп алды!
Орталық Азия Инновациялық университетінің ВТПОк 25-1һ тобының студенті Кенесбек Мухаммеджан Ержанұлы халықаралық Admit Hackathon байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, «Best Pitch» номинациясының жеңімпазы атанды.
2026 жылғы 28–30 қыркүйек аралығында өткен онлайн іріктеу кезеңінде студентіміз шетелдік командалар да қатысқан 200-ден астам команда арасынан 4-орын иеленіп, финалға жолдама алған болатын.
4 қазанда өткен Admit Motion 2026 финалдық кезеңінің қорытындысы бойынша студентіміздің жобасы Орталық Азия қатысушылары арасында «Best Pitch» (Үздік жоба таныстырылымы) номинациясына ие болды.
Бұл жетістік студентіміздің инновациялық идеяларды ұсыну, жобаны таныстыру және өз шешімін дәлелді түрде жеткізу қабілетін көрсетеді.
Кенесбек Мухаммеджанды халықаралық деңгейдегі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс, жаңа жобалар мен биік белестер тілейміз!
