Ұстаз еңбегі – ұлт болашағына қосылған өлшеусіз үлес
«Тілдер және әдебиет» кафедрасы ұжымының атынан кафедрамыздың тәжірибелі ұстазы, білім мен ғылым саласының білікті маманы Римма Байгараевна Таукебаеваны Орталық Азия Инновациялық университетінің «Құрметті профессоры» жоғары атағына ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл марапат – ұстаздың білім мен ғылым саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегінің, кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігінің, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі елеулі үлесінің лайықты бағасы.
Римма Байгараевна ғылыми-педагогикалық қызметіндегі мол тәжірибесі, шәкірт тәрбиелеудегі ұстанымы мен кәсіби адалдығы көптеген жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, университетіміздің білім беру және ғылыми әлеуетінің артуына зор үлес қосып келеді.
Сондай-ақ Ұстаздар күні қарсаңында университет ректорының Алғыс хатымен марапатталуы – ұстаз еңбегіне көрсетілген ерекше құрмет пен жоғары сенімнің айқын көрінісі.
Құрметті Римма Байгараевна!
Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт, ғылыми ізденістеріңізге толағай табыс және кәсіби қызметіңізде жаңа белестер тілейміз! Еңбегіңіздің жемісі еселеніп, шәкірттеріңіздің жетістігі арта берсін!
«Тілдер және әдебиет» кафедрасы
