«Бақыт мекені» спорттық квесті – бірлік пен ынтымақтастық алаңы

Жастар арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, өзара сыйластық пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Бақыт мекені» атты спорттық квест ойыны ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара қатысушылардың белсенділігін арттырып, командалық рух пен ұйымшылдықты қалыптастыруға бағытталды. Квест барысында жастар түрлі командалық ойындар мен спорттық сайыстарға қатысып, шапшаңдық, ептілік, тапқырлық және өзара қолдау қабілеттерін көрсетті.

Спорттық сайыс барысында қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, ортақ мақсатқа жету жолында ауызбіршілік пен командалық жұмыстың маңыздылығын сезінді. Мұндай шаралар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.

Іс-шараның ұйымдастырылуына Орталық Азия Инновациялық университетінің белсенді студенттері де атсалысып, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және әлеуметтік бастамаларды қолдауға өз үлестерін қосты.

«Бақыт мекені» спорттық квесті – жастарды бірлікке, белсенділікке және отбасылық құндылықтарды құрметтеуге үндеген мазмұнды іс-шара болды.

Share this Post