«Жастар арасындағы әділет түсінігі»тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Кездесу барысында әділет ұғымының қоғамдағы орны, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау және әр адамның қоғамдық ортадағы жауапкершілігі туралы сөз қозғалды.

Студенттерге күнделікті өмірде кездесетін түрлі ақпаратқа сыни тұрғыдан қарап, құқықтық тұрғыдан сауатты әрі жауапты шешім қабылдаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарау және қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында студенттердің пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Тақырып аясында ашық пікір алмасу жүргізіліп, жастар өз ойлары мен көзқарастарын ортаға салды.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және қоғамдағы әділет қағидаттарын терең түсінуіне ықпал етеді.

Share this Post