«ICE CREAM SAPAR II» – әсерлі саяхат

2026 жылғы 12 қыркүйекте Орталық Азия Инновациялық Университетінің білім алушылары бейімделу апталығы аясында ұйымдастырылған «ICE CREAM SAPAR II» атты тау бөктеріне саяхатқа қатысты.

Саяхат барысында студенттер бір-бірімен жақынырақ танысып, жаңа достық қарым-қатынастар орнатты. Көтеріңкі көңіл-күй мен қызықты сәттерге толы бұл күн білім алушыларға ерекше әсер сыйлап, есте қаларлық естеліктер қалдырды.

Аталған іс-шара студенттердің университет өміріне бейімделуіне, жаңа ортаға еркін араласуына және білім алушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді.

«ICE CREAM SAPAR II» – студенттік өмірдің жарқын сәттерін бірге бөлісуге және жаңа достар табуға арналған ерекше саяхат болды.

Share this Post