Ардагерлерге құрмет – елге қызметтің белгісі

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Жеңіс күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиын аясында ардагерлер ұйымының жұмысына белсенді қатысып, өскелең ұрпақ пен жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі үшін майор Бекешов Нұрлан Кузембаевич арнайы Грамотамен марапатталды.

Марапатты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Р. Сейсембаев табыстады.

Бұл марапат – елге адал қызмет пен жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған еңбектің жоғары бағалануының айқын көрінісі.

Share this Post