Бейнелеу өнері музейінде өткен шеберлік сабағына студенттер белсенді қатысты

Орталық Азия Инновациялық Университеті Шығармашылық факультеті «Музыка,кәсіптік білім және дизайн»кафедрасының «Дизайн» мамандығы 1-курс білім алушылары «18» мамыр -Халықаралық музейлер күніне орай Бейнелеу өнері музейінде ұйымдастырылған шеберлік сағатына қатысты. Шеберлік сағат барысында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі,қайта қалпына келтіруші (реставратор)Абдулов Равиль Сұлтанұлынан кәсіби шебер алмасты. Студент жетекшілері аға оқытушы Калабаева З.Ж және аға оқытушы Аширкулов А.Б алғыс хатпен марапатталып білім алушылар сертификатпен марапатталды.
Share this Post