Халықаралық академиялық дәріс өтті
2026 жылғы 16 сәуірде Орталық Азия Инновациялық университетінде халықаралық деңгейдегі маңызды академиялық іс-шара өтті. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында бір семестр бойы дәріс беріп жүрген Ғылым және технологиялар университетінің профессоры, э.ғ.д. Гаибназарова Зумрат Талатовна 6В04105 «Экономика» және 6В04132 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған дәріс өткізді.
Дәріс барысында спикер стартап жобалар туралы жан-жақты мәлімет беріп, олардың қазіргі қоғамдағы маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ инновациялық идеялар мен жаңа технологиялардың қоғам дамуына қосатын үлесін атап өтті.
Іс-шара білім алушылар мен оқытушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, тәжірибе алмасуға және білім сапасын арттыруға оң ықпал етті.
