«Тұрақты даму және халықаралық ынтымақтастық: конференция және түрік тілі аудиториясының ашылуы»

2026 жылдың 15–16 сәуір күндері Орталық Азия инновациялық университетінде маңызды екі оқиға өтті. «Ғылым мен білімнің тұрақты дамуы: жасанды интеллект және цифрлық технологиялар дәуіріндегі жаңа стратегиялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, университет қабырғасында «Түрік тілі» дәрісханасының салтанатты ашылу рәсімі өткізіліп, түрік мәдениетіне арналған көрме ұсынылды. Аталған іс-шараға Түркиядан және басқа да шет мемлекеттерден келген ғалымдар қатысып, лентасын қиды.

Жаңа аудиторияның ашылу мақсаты – студенттердің түрік тілін меңгеруіне қолайлы орта қалыптастыру, түркі халықтары арасындағы мәдени байланысты нығайту, сондай-ақ халықаралық білім беру кеңістігін кеңейту болып табылады. Бұл бастама білім сапасын арттырып, жастардың тілдік және мәдени көкжиегін дамытуға өз үлесін қосады.

Share this Post