«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу – 2026» қалалық жұптар байқауы өтті
Шымкент қаласында жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу – 2026» атты қалалық жұптар байқауы жоғары деңгейде өтті. Іс-шараны Орталық Азия Инновациялық университеті ұйымдастырып, «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты қолдау көрсетті.
Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында адал махаббат, сыйластық, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысында қатысушы жұптар 5 кезең бойынша сынға түсіп, өз өнерлерін, тапқырлықтарын және бір-біріне деген үйлесімділіктерін көрсетті. Сайыс кезеңдері:
* Таныстыру
* Білім және руханият
* Шығармашылық пен өнер
* Дефиле – қазақы образ
* Байқауды қорытындылау
Байқауға қаладағы 6 жоғары оқу орнынан 6 жұп қатысып, тартысты додада бақ сынады.
Қазылар алқасының құрамында:
* Орталық Азия Инновациялық университетінің әлеуметтік даму және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұрлан Шахизиндаұлы Хайдаров;
* Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Ақбота Бихожақызы Оспан;
* «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер Аманаты» комиссиясының төрайымы Шунгараева Гүлайым Аскерқызы;
* Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ресми өкілі Әлжан Аружан Русланқызы;
* Кеш демеушісі әрі жобалар ұйымдастырушысы JAKE TAU.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды:
* I орын – Айбек пен Аида (М. Әуезов атындағы ОҚЗУ);
* II орын – Муслим мен Анеля (Орталық Азия Инновациялық университеті);
* III орын – Мараби мен Мөлдір (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы).
Аталған шара жастардың басын қосып, ұлттық мерекенің мәнін терең түсінуге, салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

