Наурыз және Айт мерекелеріне арналған салтанатты іс шара өтті
20 наурыз күні Орталық Азия Инновациялық университетінде Айт мерекесімен тұспа-тұс келген Наурыз мейрамы университет ұжымы арасында кең көлемде атап өтілді. Мерекелік шара университет қызметкерлері мен оқытушыларын бір арнаға тоғыстырып, ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды дәріптеуге арналды. Бағдарлама аясында қазақтың төл өнері – айтыс ұйымдастырылып, қатысушылар суырыпсалмалық өнерден өз шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, қол күрес сайыстары өткізіліп, қатысушылар өзара бақ сынасты. Мерекенің көркін қыздырған ерекше бөлімдердің бірі – ұлттық киімдер дефилесі болды. Қатысушылар дәстүрлі киім үлгілерін таныстырып, олардың әсемдігі мен мазмұнын паш етті. Аталған шара ұжым арасындағы бірлікті нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және көтеріңкі көңіл күй қалыптастыруға ықпал етті.
