ЦАИУ мен Чунцин университеті (ҚХР) жаңа халықаралық серіктестікті бастады
2025 жылғы 13–20 қараша аралығында университет ректоры Ажидинов А.С. Қытай Халық Республикасына Чунцин пошта және телекоммуникациялар университетінің ресми шақыруымен іссапармен барды.
14 қараша күні Ажидинов А.С. Чунцин қалалық әкімдігі ұйымдастырған «Индустрия – Білім – Ғылым – Практика 2025» конференциясының жұмысына қатысты. Конференцияға Қытай, Еуропа (Италия) және Азия (Малайзия, Қазақстан) елдерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары қатысты. Конференция қорытындысы бойынша Чунцин қаласының әкімшілігі мен Орталық Азия инновациялық университеті арасында Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

20 қараша күні университет ректоры қытайлық және шетелдік университеттердің ректорларына арналған Халықаралық форумға қатысты. Форум Чунцин пошта және телекоммуникациялар университетінің әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылды. Форум жұмысына Еуропа елдерінің (Нидерланд, Италия, Португалия, Польша, Сербия, Чехия, Латвия), Орталық Азияның (Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан), сондай-ақ Үндістан, Шри-Ланка және Индонезияның университеттері мен ғылыми-зерттеу институттары қатысты.
Форумның негізгі мақсаты – қытайлық және шетелдік жоғары оқу орындары арасындағы конструктивті диалогты дамытуға ықпал ету. Форум барысында Чунцин пошта және телекоммуникациялар университеті мен Орталық Азия инновациялық университеті арасында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қойылуы университеттер арасындағы ғылыми, технологиялық және білім беру салаларындағы өзара әрекеттестікті дамытуға, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес болып табылады.

