«STUDENTS CONNECTION» ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИНОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ
«17 қараша — Халықаралық студенттер күні» мерекесіне орай «Students connection» іс-шарасы аясында Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының белсенді жастарымен бірге Орталық Азия Инновациялық университетіне барып, ұжым мен студенттерді кәсіби мерекелерімен құттықтадық.
Сонымен қатар университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, жастар ұйымдарының жетекшілерімен дөңгелек үстел басында кездесті. Еркін форматтағы сұхбат барысында жылы лебіздер білдіріліп, жастармен ашық пікір алмасу өтті.

