Білім алушыларымыз кәсіпорындарға барып іс-тәжірибемен бөлісті

Орталық Азия инновациялық университетінің «Экономика және басқару» кафедрасы бизнес бағыты бойынша білім алушыларға арналған апталық іс-шараларын жоспарлы түрде өткізуді жалғастыруда.

12 қараша күні 6В04107 – «Қаржы», 6В04106 – «Есеп және аудит», 6В11102 – «Туризм» білім беру бағдарламаларының студенттері «Freedom Bank» қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында білім алушылар банк қызметінің қаржылық бағыттарымен, заманауи цифрлық технологияларды қолдану тәсілдерімен танысып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды.

Ал 13 қараша күні 6В04105 – «Экономика», 6В04132 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6В11104 – «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларының студенттері «Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті» мамандарымен кездесті. «Қазақстандағы еңбек нарығы: статистикалық деректер не дейді?» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында студенттер еңбек нарығындағы өзекті мәселелерді талқылап, нақты статистикалық деректер арқылы талдау жүргізу тәсілдерін меңгерді.

Аталған іс-шаралар білім алушылардың кәсіби қызығушылығын арттырып, тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман болып қалыптасуына зор мүмкіндік берді.

Share this Post