Киберқауіпсіздік – бүгіннің басты талабы!

2025 жылдың 11 қараша күні Орталық Азия Инновациялық университетінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Шегірбай Мақсат Қалыбайұлының қатысуымен студенттер мен оқытушыларға арналған танымдық кездесу өтті.

Кездесу барысында киберқауіпсіздік, соның ішінде интернет алаяқтық, лудомания және жалған ақпарат тарату мәселелері кеңінен талқыланды.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты әрі пайдалы жауаптар алды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың цифрлық мәдениетін арттыру мен ақпараттық сауаттылығын дамытуға ықпал ету болды.

Share this Post