«Экономика және басқару» кафедрасының апталығы

2025 жылдың 10 қарашасында Орталық Азия Инновациялық университетінің «Экономика және басқару» кафедрасы профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күні, қаржыгер және бухгалтерлер күніне арналған апталықты бастады. Апталықтың тақырыбы – «Қазақстан экономикасын дамытудағы ұлттық валютамыз – Теңгенің рөлі мен келешегі».

 Іс-шара апталығы Ұлттық валютамызға арналған бейнероликтер мен стендтік көрмелердің көрсетілімімен ашылды.

 Апталық аясында ашылу салтанатымен қатар, сейсенбі мен жұма аралығында келесі іс-шаралар өткізіледі:

  • «ҚР ұлттық валютасы – Теңге: даму тарихы мен ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел;
  • «Freedom Bank» қызметкерлерімен кездесу;
  • Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы қызметкерлерімен кездесу.

 Аталған іс-шаралардың маңыздылығы – бизнес бағыты бойынша білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, олардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге ықпал етуінде. Осы апталықтың арқасында ОАИУ білім алушыларының бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына мүмкіндік жасалады.

Share this Post