Экономика және басқару

Камалов Ахмет Алиходжаевич 

“Экономика және басқару” кафедрасының меңгерушісі

Экономика ғылымдарының кандидаты

Тел: 8-778-536-20-22; 

Пошта: arkhimed65@mail.ru;

Мекен-жайы: Шымкент қ-сы, Байтұрсынова көшесі, 80а, 416 каб.;

Жұмыс уақыты: 09-00 – 18.00

Кафедраның ОҚП құрамы кәсіби шеберлікті дамыту, оқытушыларды білім алушылардың жаңа рөлі мен құқықтары туралы, Студенттік орталықтандырумен оқыту қағидалары туралы хабардар ету үшін үздіксіз біліктілікті арттырудан өтеді.
Профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру шеңберінде инновациялық технологияларды, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін зерделеу уақыттың сын-қатеріне айналды. Барлық оқытушылар жыл сайын ақпараттық технологияларды қолдану әдістерін жетілдіру бойынша семинарлар мен практикалық тренингтерге қатысады.
Кафедраның қызметі білім беру қызметін лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
2020-2021 оқу жылында ғылыми атақтары мен дәрежелері бар кафедра оқытушыларының саны профессорлық-оқытушылық құрамның жалпы санының пайыздық арақатынаста 60% – ын құрайды.
“Басқару және қаржы” кафедрасының кадрлық саясаты қызметкерлердің ғылыми әлеуетін жүйелі түрде арттыруға бағытталған. Педагогикалық, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын жүргізеді, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасайды және өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Кафедра мамандықтары:

  1. 6В04101 – «Экономика»

  2. 6В01105- Мемлекеттік және жергілікті басқару

Үйірмелер:

Жас бухгалтер, Қаржыгер, Жас экономист

Кафедраның сипаттамасы

6В04101 – Экономика мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі қызметіне қойылатын талаптар:


жетік білуі керек:
 мемлекеттік тілді сауатты және жетік білуі, орыс және шетел тілінде сөйлеуді, экономиканың дамуы жөнінде білімінің жоғарғы жалпы деңгейін игеру, басқарудың коммерциялық, қаржылық, әкімшілік функцияларын, ситуациялық талдауды және ситуациялық басқаруды өткізу нарығын талдауды, басқарудың экономикалық әдістерін (соның ішінде коммерциялық есеп айырысу, қаржылық саясаттың қалыптасуы, ұйымды басқарудың бағдарламалық-мақсатты әдістерін) математикалық талдаудың әдістерін, экономикалық үрдістердің формализациясы мен модельдеуді, экономикалық жобаларды бағалауды, экономикалық проблемаларды зерттеуге деген шығармашылық бағытты, өзіндік оқыту қабілеттерін және зерттеудің қазіргі әдістерін, бітірушіге тұрақты түрде өзінің ғылыми және кәсіптік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін ақпаратты сақтау, жинақтау, өңдеу және талдаудың қазіргі компьютерлік технологиясын игеру.

“Экономика және басқару” кафедрасында оқытылатын білім беру бағдарламалары:

  1. 6В04105 – «Экономика»
  2. 6В04104 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару».

Экономист-материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалану арқылы түпкі нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмыстың жаңа түрлерін өндіру, өнімнің сапасы мен даму тиімділігін және кірістілігін арттыруға бағытталған кәсіпорынның, шаруашылық қызметін жүзеге асыру бойынша мамандарды дайындау.

Кәсіби қызмет саласында  мыналарды қамтиды. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Банк саласында , ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау агенттігі, министрліктер мен ведомстволардың экономикалық қызметтерінде ,  кіріс департаменттерінде, экономист,банк саласында, экономикалық және бюджеті жоспарлау басқармасы,компаниялар мен мекемелерде, министрлік және мемлекеттік басқару органдарында .  қаржы саласында, ғылыми-зерттеу институттарында, сонымен қатар әлеуметтік салада да қызмет ете алады.

Білім беру бағдарламасын  бойынша

6В04104«Мемлекеттік және  жергілікті басқару» бакалавры  академиялық дәрежесі беріледі.

Күндізгі оқу түрі – 4жыл

Қысқартылған оқу түрі (колледжден кейін) – 3 жыл

Жеделдетілген оқу түрі (ЖОО-дан кейін) – 2 жыл

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасында салыстырмалы таяуда пайда болғанымен, жастар арасында жоғары беделге ие болды. Алайда, осындай танымалдылықтың құпиясы мемлекеттік қызметтің мәртебелілігімен ғана емес, сонымен қатар аталмыш дипломмен жеке меншік және мемлекеттік компанияларда басқарушылық лауазымға ие болуынан тұрады.

Кәсіби қызмет саласында мыналарды қамтиды. ҚР мемлекеттік органдарында ,мемлекеттік басқару органдары,жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен мекемелер,азаматтық қоғам институттары,қоғамдық ұйымдар,коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдар,халықаралық ұйымдар,ғылыми және білім беру ұйымдары,Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, министрліктер мен ведомстволардың экономикалық қызметтері, ,қаржы  саласы басқармасында , экономикалық және бюджеті жоспарлау басқармасы,экономикалық, стратегиялық, инвестициялық, ғылыми зерттеулердегі құрылымдар, ірі компаниялар мен мекемелер, министрлік және мемлекеттік басқару органдарында қызмет ете алады. 

Аты-жөніҚызметіҒылыми дәрежесі және атағы
1Камалов Ахмет АлиходжаевичКафедра меңгерушісіэ.ғ.к
2Құралбаева А.Ш.профессорэ.ғ.д., профессор
3Жадигерова Гулшат Абдимуталиповнааға оқытушыэ.ғ.к.
4Иманбаев Алий  Асановичаға оқытушыэ.ғ.к.
5Кокенова Айганым Турдыевна аға оқытушыэ.ғ.к.
6Таскулова Гулия Маханбетовнадоцентэ.ғ.к.
7Балабекова Дина Буркитбаевнааға оқытушыэ.ғ.к.
8Еркебалаева В.З.доцентэ.ғ.к., доцент
9Исахметова Айнаш Ниязовнадоцентэ.ғ.к., доцент
10Демеубаева Акмарал Оспановнааға оқытушыэ.ғ.к.
11Абилгазиева Жанат Есенбековнааға оқытушыэ.ғ.к.
12Камбаров  Бакытжан Кураловичаға оқытушымаман
13Турдалиева Улжан Нуралиевнааға оқытушымагистр
14Каукешова Роза Агзамовнааға оқытушымагистр
15Карсакова Гульбала Пердебаевнааға оқытушымагистр
16Саменова Несибели Жумабековнааға оқытушымагистр
17Абдраманова Гулжамал Жусиповнааға оқытушы 
18Ғалымжан Дана Еркінқызыоқытушы магистр
19Әліқожаев Әзиз Ахметұлыоқытушы магистр
20Өтебекова Ботакөз Алмасқызыоқытушы магистр
21Сартбаева Гулбахрам Пернебаевнаоқытушымагистр
22Оралова Альмира Бегалиевнаоқытушы магистр
23Жұрынов Бекет Мүсірепұлыоқытушымагистр
24Ахметова Гульнара Жаксикелдиевнаоқытушы 
Өндірістен шақырылған мамандар:  
Аты-жөніҚызметіҒылыми дәрежесі және атағы, Негізгі қызметі
1.Ризаходжаев А.А.аға оқытушыэ.ғ.к., «Жеңіс Астана-2007» ЖШС  директоры
2.Таласов М. Ж.аға оқытушыэ.ғ.к., «Эко-Фарм» ЖШС  директоры
3.Ажибеков Б.А.аға оқытушыа-ш.ғ.к., «Оңтүстік- батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС ғылыми хатшысы
 Қожасова У.Ж.аға оқытушы«BASHPAY» ЖШС директоры

«Бизнес» кафедрасының базасында студенттік ғылыми үйірме – «Жас экономист» жұмыс істейді. Студенттердің ғылыми үйірмелері студенттердің ғылыми белсенділіктің кеңеюіне және студенттердің бос уақытында немесе арнайы уақытында ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ғылыми жұмысының нысандарының бірі болып табылады.


«Экономика және басқару» кафедрасының 2022-2023 оқу жылына арналған оқытушылардың ашық сабақтарын өткізу жоспарына сай магистр,  оқытушы Ғалымжан Д.Е. наурыз айының 31 күні ЭКк-21-1h тобымен «Халықаралық экономика» пәнінен «Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы» тақырыбында практикалық ашық  сабақ өтті.

Оқытушының ашық сабақты әдістемелік тұрғыда дұрыс өткізу үшін барлық материалдары болды. Оқытушы сабақты жүргізу барысында заманауи технологияларды қолдана білді. Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өткізіліп, қойылған мақсатқа жетті.

Ашық сабаққа оқу бөлімінен және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы толығымен қатысты.