Іске асырылатын БББ 6В01705 – Шетел тілі:екі шетел тілі
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің миссиясы мен академиялық саясатын және стратегиялық даму жоспарын негізге ала отырып, қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына сәйкес сыни тұрғыдан ойлайтын, шығармашыл және функционалды сауатты, кәсіби қызметі үшін қажетті құзыреттіліктерді игерген, өмір бойы білім алатын, еңбек нарығының жаңа талабына икемді білікті маман дайындау; Қазақстанның ұлттық білім жүйесіне арналған білім беру бағдарламасымен мамандарды қаруландыру; жаңартылған білім беру аясында жасалынған нормативтік құжаттар мен бағдарламалар және әдістемелік құралдарды оқу үрдісінде пайдалану; оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, жоғары оқу орнындағы және оқу орнынан кейінгі оқу-тәрбие саласындағы қызметті жүзеге асыру; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру; халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу
Бітіруші түлектің кәсіби қызмет саласы
— мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары — шетел тілі мұғалімі;
— бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер — шетел тілі мұғалімі;
— мамандандырылған мектептер — шетел тілі мұғалімі;;
— кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары – тіл маманы, кіші ғылыми қызметкер;
— тіл орталықтары – тіл маманы;
— білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттары – әдіскер, тренер;
— білім беру департаменттері – тіл маманы;
— жоғары оқу орындары – оқытушы, кіші ғылыми қызметкер;
— түрлі кәсіпорындар мен бизнес компаниялар — аудармашы-референт
БББ бірегейлігі
Көптілді білім берудің және практикаға бағытталған оқытудың әлемдік тәжірибесін жинақтау арқылы шет тілдері мұғалімдерін кешенді даярлау