Есептеу техникасы және БҚ (IP)
Цифрлық әлемге арналған заманауи IT шешімдер жасаңыз
Бағдарлама сипаттамасы
6B06103 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (IP) — бағдарламалау, деректерді талдау, желілік технологиялар және заманауи IT шешімдерді әзірлеуге бағытталған бағдарлама.
Студенттер нақты жобалармен жұмыс істеп, бағдарламалық жүйелерді құру, талдау және қолдану дағдыларын меңгереді.
Бағдарлама математика мен логиканы күрделі бағдарламалық жүйелерді жобалау, деректерді өңдеу және цифрлық өнімдер жасау құралына айналдырады.
Бейіндік пәндер📐 Математика
💻 Информатика
Оқу соңындағы дағдылар
● Бағдарламалық өнімдердің сипаттамаларын әзірлеу;
● Бағдарламалық жасақтама архитектурасын жобалау;
● Интерфейстер, дерекқорлар және бағдарламалық модульдер құру;
● Компьютерлік жүйелер мен желілерді баптау;
● AR/VR және 3D визуализация технологияларын қолдану.