6B01401

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

Тәртіп. Жауапкершілік. Патриотизм. Ел болашағын тәрбиеле!

6B01401
Бағдарлама туралы

6B01401 – Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау — білім берумен қатар, жас ұрпақты ерік-жігерге, тәртіпке және жауапкершілікке тәрбиелеуді мақсат ететін талапкерлерге арналған білім беру бағдарламасы. Бағдарлама барысында студенттер әскери-патриоттық бағыттағы білімді, заманауи оқыту технологияларын, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру әдістерін меңгереді.

Бейіндік пәндер
🎯 Шығармашылық емтихан – 1
🏃 Шығармашылық емтихан – 2
Сіздің дағдыларыңыз
әскери дайындық, қауіпсіздік және дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру;
жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің заманауи әдістерін қолдану;
оқу үдерісінде жасанды интеллект, робототехника және цифрлық платформаларды пайдалану;
әскери-спорттық ойындар мен далалық жаттығуларды ұйымдастыру;
оқушылардың физикалық және психологиялық дайындығын талдау;
тактикалық ойлау дағдыларын дамытып, әскери міндеттерді шешуге үйрету.