«Қамқор» волонтёрлері балаларға қуаныш сыйлады

Орталық Азия инновациялық университетінің «Қамқор» волонтёрлік ұйымы Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Шымкент ALT көлік колледжімен бірлесіп, «Сайрам көмекші мектеп-интернат колледжі» арнайы кешеніне барды.

Кездесудің мақсаты — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қуаныш сыйлау, көңіл бөліп, бірге уақыт өткізу және қоғаммен етене араласуына қолдау көрсету.

Волонтёрлер балаларға сыйлықтар табыстап, олармен әңгімелесіп, жылы қарым-қатынас орнатты. Кездесу өзара мейірім мен қамқорлыққа толы ортада өтті.

«Қамқор» волонтёрлік ұйымы игі бастамаға қолдау білдірген университеттің Тәрбие бөліміне алғыс білдіреді.

Қамқор — жақсылықтан басталады!

Share this Post