«САНАЛЫ СЕНІМ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ»: ОАИУ-ДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
2026 жылғы 28 қазанда Орталық Азия Инновациялық университетінде студенттердің діни сауаттылығын арттыру, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын түсіндіру, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында «Саналы сенім – қауіпсіз қоғам» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары ұйымдастырылды.
Іс-шараға арнайы шақырылған сала мамандары мен университет оқытушылары қатысып, студенттермен маңызды тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Семинар барысында Шымкент қаласының Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Әбдіманап Нұрхан Нұртасұлы діни экстремизм мен терроризмнің мәні, олардың қоғамға төндіретін қауіп-қатері және жастарды теріс діни ағымдардың ықпалынан қорғау жолдары туралы кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар, заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Ботабек Есенбекұлы мен аға оқытушы Ахмет Сайрамбай Үмбетұлы діни сенім бостандығы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, зайырлы қоғам қағидаттары және құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы жөнінде мазмұнды баяндамалар жасады.
Кездесу барысында студенттерге діни сауаттылықтың қоғам өміріндегі рөлі түсіндіріліп, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау, діни төзімділікті қалыптастыру және қауіпсіз ортаны нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қоғам алдындағы жауапкершілігін терең түсінуге бағытталды.
