Қазiргi туризм әлемiне алғашқы қадам: Сайрам-Өгемдегі оқу практикасы! ⛰️🌿

ТУРк 25-1М тобының 1-курс студенттері үшін Сайрам-Өгем Ұлттық Саябағында өткен оқу практикасы – табиғатпен табысу, жаңа білім алу және есте қаларлықтай тәжірибеге ие болу мүмкіндігі болды! 🤩

Қорық аумағында белсенді туризмнің техникасы мен тактикасы бойынша өткізілген шеберлік сыныптары студенттерімізге тау жорықтарына дайындықтың қыр-сырларын үйретіп, қауіпсіздік ережелерін тереңдетіп түсінуге көмек берді. ⛰️🥾

Практиканың шынайы шыңы – 8 шақырымдық тау жорығы болды! Биіктігі 1860-2400 метрге дейін көтерілген бұл сапар, студенттердің төзімділігін, командалық рухын және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырды. 🤩 Керемет панорамалық көріністер, таза ауа және табиғаттың тыныштығы – бұл біздің жас туристтерімізге берген ең үлкен сый.

Бұл практика студенттерімізге туризмнің теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға, таулы аймақтағы белсенді демалыстың қыр-сырларын игеруге және ең бастысы, бір-бірімен тығыз байланыс орнатуға мүмкік берді. 💪

Share this Post