IX Халықаралық «Өз ісі – 2026» стартап-жобалар байқауында ГРАН-ПРИ иегері
2026 жылғы 17 сәуір күні Мирас университетінде IX Халықаралық «Өз ісі – 2026» стартап-жобалар байқауы өтті. Аталған байқау жас жаңашылдар мен кәсіпкерлікке бейім білім алушылардың басын қосқан маңызды кәсіби алаң болды. Байқауға оқу ордамыздан ВТПОк-25-1Һ тобының білім алушысы Кеңесбек Мұхамеджан Ержанұлы жетекшісі Шынжігіт Бекмұрат Бекболатұлымен бірге қатысып, жоғары деңгейдегі дайындық пен тың инновациялық идеяларын ұсына білді. Нәтижесінде қатысушы байқаудың финалдық кезеңіне өтіп, ең жоғары марапат — ГРАН-ПРИ жүлдесін жеңіп алып, қаржылай сыйлықпен марапатталды. Бұл жетістік білім алушының шығармашылық және кәсіби әлеуетінің жоғары екенін айқындап қана қоймай, жетекшінің сапалы ғылыми-тәлімгерлік еңбегінің нәтижесін де көрсетеді. Сонымен қатар, бұл жеңіс жастар арасында кәсіпкерлік пен инновациялық ойлаудың дамуына серпін береді.