Конго-Қырым қанды қызбасының алдын алу және ерте анықтау бойынша семинар өткізілді
2026 жылғы 1 сәуірде Орталық Азия Инновациялық Университетінде студенттерге «Конго-Қырым қанды қызбасының алдын алу және ерте анықтау» тақырыбында ақпараттық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында Студенттік емхана ЖШС дәрігері Саламат Жанболатқызы, сондай-ақ мейірбикелер Гүлзат Ахмет пен Сауле Маханова студенттерге аурудың таралу жолдары, алғашқы белгілері және қорғану шаралары туралы толық түсінік берді. Кене шағуынан сақтану, табиғатта қауіпсіздік ережелерін сақтау және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну – әрбір адамның денсаулығы үшін маңызды екені ерекше аталды. Семинардың негізгі мақсаты – студенттердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру және қауіпті инфекциялардың алдын алу.