Студенттерге мемлекеттік жастар саясатының мүмкіндіктері таныстырылды

Орталық Азия инновациялық университетінде Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы мен Еңбек мобильділігі орталығының бастамасымен студенттерге арналған мемлекеттік жастар саясаты бағдарламалары бойынша ақпараттық кездесу өтті.

  • «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Жұман Жансерік Бауыржанұлы
  • Әл-фараби ауданы бойынша Мансап орталығының басшысы Нұрбол Мұратұлы Шымкентбаев
  • Отбасы банк қаржы кеңесшісі Избасарова Алия Ералиевна

Кездесу барысында жастарға жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлік, гранттар мен мемлекеттік бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Бұл – студенттердің өз болашағын саналы жоспарлауына жасалған маңызды қадам!

Share this Post