Қазақстанда шетелдік талапкерлерді тарту және бейімдеу бойынша оқыту семинары өтті
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «Study in Kazakhstan» жобасын іске асыру аясында 2026 жылғы 29–30 қаңтар күндері «Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында шетел азаматтарын тарту, қабылдау және бейімдеу. Жаңа білім беру платформасымен жұмыс істеуге үйрету» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Екі күндік оқыту семинарының негізгі мақсаты — жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің шетел азаматтарын тарту, қабылдау, сүйемелдеу және бейімдеу бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ жаңа білім беру платформасының функционалдық мүмкіндіктерін тәжірибелік деңгейде меңгерту болды.
Семинар барысында қатысушыларға келесі бағыттар бойынша кешенді ақпарат пен практикалық нұсқаулықтар ұсынылды:
• шетелдік талапкерлерді тартудың заманауи стратегиялары;
• қабылдау үдерісін тиімді ұйымдастыру тетіктері;
• академиялық және әлеуметтік бейімдеу механизмдері;
• халықаралық талапкерлерді сүйемелдеу тәжірибесі;
• жаңа білім беру платформасының цифрлық құралдары мен сервистері;
• платформада жұмыс істеудің практикалық алгоритмдері.
2026 жылғы 29–30 қаңтарда Астана қаласында өткен екі күндік конференция жұмысына университет атынан:
• қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары Әбдуахит Мерей Құдайқұлқызы
• Халықаралық байланыстар және академиялық мобильдік бөлімінің басшысы Ризаходжаев Абдуманап Абдумажитович
қатысып, шетелдік білім алушылармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері мен цифрлық шешімдері бойынша тәжірибе алмасты.
Аталған семинар жоғары білім беру ұйымдарының халықаралық тартымдылығын арттыруға, шетелдік студенттерге қолайлы орта қалыптастыруға және цифрлық қабылдау инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған маңызды алаң болды.


