Университеттің студент жастарының өкілдері «Таң Нұры» бағдарламасына қатысты
Оңтүстік ұлттық телеарнасының «Таң Нұры» бағдарламасында Орталық Азия Инновациялық университетінің белсенді жастары қонақта болды.
Бағдарлама барысында университетіміздің
– Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы — Қарсанбек Рақатбек Нұржанұлы,
– Студенттік парламент мүшесі — Нұрислам Қамшыбекұлы,
– «Жастар рухы» жастар қанатының координаторы — Кенжебай Береке
бір жыл ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті.
Сұхбат барысында жастар университеттегі қоғамдық, әлеуметтік және мәдени бағыттағы жобалар, қол жеткізілген жетістіктер мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен баяндады.
Белсенді жастардың бастамалары, мақсат-міндеттері көрерменге нақты әрі мазмұнды түрде жеткізілді.
