ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ АЙНАСЫ

14 қараша 2025 жылы Орталық Азия Инновациялық университетінің «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлттық киімі – ұлттың айнасы» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараны Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Хайдаров Нұрлан Шахинзиндаұлы ашып, өз құттықтау сөзін айтты.

Педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Майлыбаева Лазат Серікбаевна қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктеріне тоқталып, олардың шығу тарихын кеңінен баяндап берді.

Шара қонақтары – Әбдіманап Байдыбек Бақтыбекұлы қобызда «Аққу» күйін, ал №1 А.С. Пушкин атындағы гимназияның 7-сынып оқушысы Нишанова Ақбота ұлттық ырғақтағы «Ертұран» күйін орындап, көрермен ықыласына бөленді.

Факультетіміздің білім алушылары да әсем әндер шырқап, ұлттық нақыштағы билерін ұсынды.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.

Share this Post