Ташкенттегі конференция: сәулет және қала құрылысының тұрақты даму мәселелері

2025 жылдың 16-17 қазанында Ташкент архитектура және құрылыс университетінде (ТАСУ) «Архитектура және қала құрылысын қалыпты дамытудың мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. ТАСУ-дың шақыртуымен Орталық Азия Инновациялық университетінің “Шығармашылық” факультетінің 6В02103 – “Дизайн” білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, доцент А.Н. Юсупов пленарлық пікірталасқа қатысып, ғылыми баяндама жасады. Конференцияға алыс және жақын шетелдерден, ТМД елдерінен белгілі ғалымдар мен кәсіпорын өкілдері қатысты. Іс-шара соңында ТАСУ Архитектура факультетінің деканы, профессор А.О. Хасановқа Орталық Азия Инновациялық университетінің жарнамалық буклеттері табысталды.
Share this Post